please wait, site is loading

Kripto Web

12 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 шілде күні елімізде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

8.00-де ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Астана Өнім» ЖШС-ға баспасөз турын ұйымдастырады.

10.00-де «Nur Otan» партия фракциясына мүше ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттар тобы «Экотон +» АҚ газ блоктарын шығаратын зауыттың қызметкерлерімен кездеседі.

10.30-да ҚР ІІМ ғимаратында учаскелік полиция инспекторларының слеті өтеді.

11.00-де Үкімет үйінде ҚР ҚАржы вице-министрі Қанат Байеділовтың қатысуымен жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде кезекті брифинг өтеді.

11.30-да Конгресс орталықта пара пауэрлифтингтен өтетін Әлем чемпионаты туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі ғимаратында «Киелі Қазақстан» экспедициясының аяқталуына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де «Grand Park» сауда орталығында «Қазақстанның үздік тауары — 2019» конкурс-көрмесінің жеңімпаздары марапатталады.

11.00-де Алматы қаласының Қоғамдық Кеңесінің жұмыс тобы Алматты зообағының жұмысымен танысады.

19.00-де «Меломан» дүкенінде Қазақстанның тарихи, мәдени орындарын бейнелеген «Сәлем, Қазақстан!» боямақтарының таныстырылымы өтеді.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/12-shilde-kuni-kazakstanda-otetin-manyzdy-sharalar_a3546925”